Текст
Жазғы кезеңде жұмыспен қамту шеңберінде 10 сынып оқушыларының ішінен мектепте жөндеу бригадасы ұйымдастырылып, мектептің жөндеу жұмыстарына көмек көрсетілді: жиһаздарды сырлау, қабырғаларды ақтау, мектеп ауласын қоқыстан тазарту, терезелерді жуу. Балалар өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарады, жұмыс сапалы және уақытында орындалды. Сол үшін мектеп басшылығынан алғыс алып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.