Текст
Бугін 5 шілде күні "Балдәурен" сауықтыру алаңының жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілді. Күн дәстүрлі түрде музыкалық жаттығудан басталды. Балалар Астана күніне арналған "Өз ойыным" зияткерлік сайысына қатысты. Олар сұрақтарға белсенді жауап берді. Астана және оның көрікті жерлері туралы білімдерімен жарысты. "Смешариктермен Қауіпсіздік әліппесі" мультсеансы өткізілді. Балалардың назарына "Жазда қауіпсіз мінез құлық" презентациясы ұсынылды, онда олар жазғы демалыс кезінде "Қауіпсіз өмір сүрейік!" қағидаларын бекітті. Күн көңілді ойындар мен билермен аяқталды.