Текст
Мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай әр сыныпта атаулы датаға арналған іс-шаралар, сынып сағаттары, викториналар өткізілді. Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Ол біздің ортақ Отанымыздың бостандығының, гүлденуінің және күш-қуатының символы болып саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында алға қойған өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін бірлікке ұмтылуымыз Республикамыздың одан әрі гүлденуіне ықпал етеді. Бұл күні ойлағанның бәрі орындалып, отбасыларда жайлылық, тыныштық пен береке орнағанын қалаймыз. Қазақстанымызға амандық пен гүлдену!