«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіз мектеп ортасы

"Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша 2020 жылдың 10 тамыздан 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы басталады, ол балаларға, ата-аналар мен қоғамға үйдің, қоғамның, ғимараттар мен білім беру ұйымдарының және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту болуы тиіс.

Аталған іс-шараның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның үнемі назарын аудару, мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-ортаның, құқық бұзушылықтардың алдын алумен айналысатын БАҚ  күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Акцияның негізгі міндеттері: балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқушылардың құқықтық сана-сезімін және Қауіпсіз мектеп ортасын құру бойынша жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Акция аясында білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мектеп ортасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, салауатты өмір салтын сақтауға, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Жаңартылған күні: 15.03.2021 20:56
Құрылған күні: 15.03.2021 20:56

Текст